Қазақстанда жыл сайын өтетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын біздің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдап отыр.
Шараның басты мақсаты жаңа оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық қолдау көрсету екендігін жақсы түсінеміз.
Сол ізгі ниетпен басталған акция аясында департамент тарапынан Көкшетау қаласындағы №15орта мектептің1сыныпоқушысы Артур Саркисянға көмек көрсетілді. Атап айтқанда, мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған жеткіншекке риясыз қамқорлық танытылып, куртка, спорт киімдері, джемпер, кроссовкалар, сондай-ақ, басқа да қажетті заттар сатып алынды.
Дүкеннен арнайы таңдап алынған осы киімдер өзіне шақ келіп, үстіне қона кеткен Артурымызға енді білім шыңын игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз бала бақыты мен қуанышын тілейміз! Ақ жол,саған тәуелсіз Қазақстанымыздың жас ұланы! Мектебіңе тарыдай болып кіріп, таудай болып шығуыңа жазсын!
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз қызметі.