Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс берушілер еңбек заңнамасының талаптарына мұқият болулары тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс берушілер еңбек заңнамасының талаптарына мұқият болулары тиіс

Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Құжатта Кәсіподақтар федерациясы әрдайым түрлі алаңдарда көтеріп жүрген қарапайым еңбек адамына лайықты жағдайды қамтамасыз ету, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мәселесіне де баса көңіл бөлінді.

Осы мақсатта Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы ақмолалық   азаматтардың еңбек құ­қы­ғының негізге алынатын кепілдіктері, атап айт­қанда, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау, ең­бегі үшін сыйақы алу, ең­бек қауіпсіздігі жағдай­ла­ры, демалу және жұ­мыс­сыздықтан әлеуметтік қорға­­лу құқықтары бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Қызметкерлердің, мердігерлік ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың қызметкерлерінің, өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою, жұмыстардың қауіпсіз орындалуы мекеменің басты мақсаты болып табылады. Биылғы Жолдауға қатыстыАқмола облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы ағымдағы жылдың басынан бастап еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың 861 өтінішін қарады. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша  795, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 66 жағдай бар.  Сондай-ақ, еңбек заңнамасын сақтау мәніне облыстың 193 кәсіпорны мен ұйымдары тексерілген еді. Нәтижесінде 175 заң бұзушылық анықталып, оларды жоюға жұмыс берушілерге 118 ұйғарым берілді.Биылғы жылдың ағымдағы кезеңінде 49 лауазымды және заңды тұлғаға 8282,8 мың теңге сомасында әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, 20 ескерту шығарылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 кәсіпорында 440 қызметкердің алдында 82 миллион теңгенің сомасына жалақы бойынша берешекті анықтады.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша анықталған берешек ішінара төленді. Осы кәсіпорындардың басшыларына 35 ұйғарым берілді және 5,6 миллион теңгенің сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынған ақпаратына сәйкес 3 банкроттық кәсіпорында  18 қызметкер алдында 20,5 миллион теңге берешек бар екен.   Жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі шаралар «Оңалту және банкроттық туралы» заң шеңберінде қабылданады.  Оны Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бақылайды. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 1 кәсіпорында 115 қызметкер алдында өтелмеген және анықталған мерзімі өткен берешек бар. Сонымен бірге, облыста өндіріске байланысты 29 жазатайым оқиға болды, одан 31 адам зардап шекті, 6-ыкісі өлімімен аяқталды.  Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеулер жүргізіліп, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалды. Олар бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілді. Айта кету керек, жазатайым оқиғалардың себептері жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы, қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер, ақаулы машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану, ғимараттардың, құрылыстардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі, аумақтарды күтіп ұстау, көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу және автожол қозғалысы ережелерін бұзу сынды фактілерден туындайды. Еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғаларымен семинарлар мен сабақтарды жиі өткізеді. Облыстың 914 кәсіпорны мен ұйымы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылып, 222 кәсіпорын мен ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді. «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив» серіктестігі жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметін декларациялағаны үшін «Сенім сертификаты» табыс етілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасын орындау барысында облыстың  5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы  енгізілді. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыс жалғаса түсуде.

Алайда, жетістіктермен қатар, бұл салада әлі де өзекті мәселелер бар. Мәселен, облыста жұмысшылардың құқықтары бұзылған жағдайларжиі тіркелуде. Жұмыс беруші алдында ыңғайсыз мәселелерді көтеретін жұмысшылар жиі қудаланып, жұмыссыз қалады. Облыстың Ақсу кентіндегі байыту фабрикасында бағалы металды өндіру және өңдеу саласында жұмыс істейтін жұмысшылар еңбек жағдайлары мен желдету жүйесі бойынша  мәселекөтеруі соған дәлел. Ақсу қаласындағы алтын кеніштері мен байыту фабрикасына иелік ететін «АҚ Алтыналмас» компаниясына 120 адамның қолы қойылған ұжымдық хатжұмысшылардың құқықтары бұзылғандығын айтады. Аталмыш кәсіпорынның қызметкерлері кәсіпорын басшылығы деңгейінде мәселені шешу мүмкін емес деп шағымданған еді. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша  Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы елеулі шаралар қабылдап жатыр.

Сонымен, біздің еліміз бұл ретте, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, заңға заңнамалық түзетулер енгізуді қарастыруда. Бұл да кәсіподақтардың көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағдарының қағидаттары ретінде атап өткен әділдік, инклюзивтілік, прагматизм кәсіподақ қауымдастығының басымдықтары мен мүдделеріне, біздің еңбек инспекциясының да мақсаты мен міндетіне сәйкес келеді.

Дүйсенбек БАЙМҰСЫНОВ,
Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы
 басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар