Ұлттық және шетелдік валютаны репатриациялау

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы экспортерлер мен импортерлерге ұлттық және шетелдік валютаны репатриациялау талаптары туралы еске салады.

Атап айтқанда, экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетелдік валютаны репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына есептеуден тұрады:

  • экспорттан ұлттық және (немесе) шетелдік валютадағы түсімдерді;
  • бейрезиденттік міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру аясында бейрезиденттің пайдасына аударған ұлттық және (немесе) шетелдік валютаны есептеуді білдіреді.

Айта кетейік, репатриация талаптарының орындалу барысын бақылаудағы мақсат – ішкі валюта нарығында валюта ұсынысын қамтамасыз ету және сыртқы сауда операция жолдары арқылы елден ресурстарды заңсыз шығаруға жол бермеу.

Қазақстандық резиденттер  – экспортерлер мен импортерлер ұлттық және шетелдік валютаны репатриациялау талабын орындауға міндетті.

Экспортерлер мен импортерлер тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сүйене отырып, репатриациялау мерзімін өз бетінше есептейді.

Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.

Ұлттық және шетелдік валютаны репатриациялауды бақылау мақсатында валюталық шартта бейрезиденттердің міндеттемелерді орындау мерзімі міндетті түрде көзделуге тиіс.

Міндеттемелердің орындалу мерзімі өзгергенде, репатриациялаудың белгіленген мерзіміне әсерін тигізетін өзге де мәселелер туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Ұлттық Банкке тиісті негіздеме мен растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.

Репатриациялау мерзімін есептеу мақсатында күнтізбелік күндер қолданылады. Бұл ретте 30 (отыз) күндік мерзім 1 (бір) ай болып, 360 (үш жүз алпыс) күн бір жыл болып алынады.

Репатриациялау талабын резиденттердің орындауын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісім-шарттарының есептік нөмірлерін алудың бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ, мәміленің сомасынан асып кеткен кезде келісім-шарттың есептік нөмірін алу талап етілетін шекті мәнді белгілейді. Егер мұндай шарттың сомасы баламалы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын болса, экспорт пен импорт бойынша валюталық шарт есептік тіркеуге жатады.

Есептік тіркеу – экспорт  немесе импорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру дегенді білдіреді. Бұл және осындай шарт аясында міндеттемелердің орындалуы бойынша есептерді ұсыну дегенді де білдіреді.

Валюталық шарт мына жағдайларда есептік тіркеуге алынады:

1) экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте, – егер барлық төлем және (немесе) ақша аударымы экспорттаушының немесе импорттаушының уәкілетті банктегі шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса;

2) экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте, – егер төлемдер және (немесе) ақша аударымдары уәкілетті банкте және сол сияқты шетел банкінде ашылған шоттары пайдалана отырып жүзеге асырылса, немесе;

3) экспорттаушының немесе импорттаушының тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалында – егер барлық төлем және (немесе) ақша аударымы экспорттаушының немесе импорттаушының шетел банкіндегі шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса.

Экспорттаушы немесе импорттаушы кез келген тарап экспорт немесе импорт бойынша валюталық келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастамас бұрын есептік нөмірді алуға өтініш береді.

Егер шарт жасалған күні экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартта шарт сомасы көрсетілмесе, онда есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.

Егер экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт АҚШ долларынан өзге валютамен көрсетілсе және осындай шартта АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына нұсқау көрсетілмесе, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартта АҚШ долларымен көрсетілген соманың баламасын айқындау үшін валюта айырбасталарда шартқа қол қойлатын күнгі (ол болмаған жағдайда – шарт күшіне енгізілген күнгі) нарық бағамы пайдалана отырып қайта есептеледі.

Талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауар алып өту көзделмейтін экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар үшін талап етілмейді.

Экспорттаушы немесе импорттаушы валюталық шарттың есептік нөмірін алу үшін:

  • экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтінішті;
  • экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін;
  • егер экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт шет тілінде жасалса, онда оны қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

Есептік тіркеуге алатын банктің қызметкері қажетті құжаттарды экспорттаушы немесе импорттаушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты тіркейді.

Электрондық құжат айналымы кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың электрондық көшірмесін ұсынады. Есептік тіркеуге алатын банктің уәкілетті қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыра отырып, есептік нөмір береді.

ҚҰБ экспорттаушы/импорттаушы репатриация талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдарына берілетінін ескертеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, ҚҰБ Ақмола филиалына төменде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы хабарласуға немесе электрондық мекенжайға жазуға болады.

8-7162-55-18-00, ішкі нөмірлер: 2241, 2242, 2243, 2244.

kokch_80@nationalbank.kz

ҚР Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар