Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАРАЗЫЛАР ЕНДІ ТЕКСЕРІЛЕДІ - АРҚА АЖАРЫ

САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАРАЗЫЛАР ЕНДІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлар салмағының өлшемдерімен толықтырылды.

Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігін бағалаудан өткен) салыстырып тексеру зертханаларының аттестатталған салыстырып тексерушілердің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс. Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды.

Салыстырып тексерудің мәні өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сирек асады және арнайы гірлерді пайдалануды көздейді.

Өзгерістер “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілерінің ішінде сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санын тікелей анықтады, және де ішкі сауда ережелеріне сәйкес сауда объектісі қажетті сауда құрал-сайманымен, жабдығымен, оның ішінде “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Заңның талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарымен қамсыздандырылады.

Осылайша, салмағы бойынша өнімді сату кезінде тұтынушылар өлшеудің анық емес нәтижелерінен Заңмен қорғалады және олар ақысы төленген салмақты ала алады. Сараптамалық бағалаулар бойынша салыстырып тексеруге ұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10 %-ы одан өтпейді, сол арқылы жарамды болып табылмайды.

Заң талаптарын сақтамағаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.

Хабиев Н.Е.
– ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы –
мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша
Ақмола облысының бас мемлекеттік инспекторы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар