Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар кәсіп ашса, тиісті бағдарламалар көмектеседі - АРҚА АЖАРЫ

Жастар кәсіп ашса, тиісті бағдарламалар көмектеседі

Ақмола облыстықжастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне «Batau Talks» қоғамдық дәрісі өткізілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін дәріске спикер ретінде жас кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Шара аясында жастарға өз бизнесін бастауға оңтайлы бағдарламалар, жобалар, шағын несиелік қолдаулар туралы ақпараттар берілді. Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты – жастарды елімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және ынталандыру, еліміздің стратегиялық міндеттеріне байланысты әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдерінің қатарына кіру, нарықтық экономиканы дамыту, ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады.

Әуелі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері Ботагөз Хасенованың кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалар дәрісі туралы айта кетейік. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Агроөнеркәсіптік несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы несие беру бағдарламасы ұсынылған. Онда 21 және 35 жас аралығындағы жастарға шағын несие алатын жеке кәсіпкерлер үшін тіркеу мерзімі 5 жылға дейін. Несиенің қайтару мерзімі мал шаруашылығы жобалары бойынша – 7 жыл, басқа бағыттар бойынша – 5 жыл. Несие мөлшерлемесі 2,5 пайыз және несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдіктер болады. Несиеге жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік немесе мамандандырылған құрал-жабдықтар кепіл ретінде алынады. Оған қоса, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасының жеңілдікпен несиелендіру жобасыда таныстырылды. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2,5 пайызбен 8 миллионға дейін несие беру көзделсе, өтеу мерзімі бес жылға қарастырылған.

Сондай-ақ, жастарға ұсынылар«Көкше»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Ауыл аманаты» жобасының ауыл шаруашылығына арналған бағытын айта кеткен жөн. Бұл жобалардың басты мақсаты –жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары арасынан ауылдық елді мекендерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдар,елу жастан асқан адамдар, жас кәсіпкерлер,ауыл шаруашылығы кооперативтері,аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүгедектер,жиырма бір жастан отыз бес жасқа дейінгі аралықтағы жас азаматтар мен өз кәсібін енді бастағандарды қолдау. Егер ауылдық жерде кәсіп ашып, мал шаруашылығымен айналысамын дейтін жастар болса, «Ауыл аманты» жобасына қатысуларына мүмкіндік жоғары. Бұндағы ерекшелік, мал басын асылдандыру, өсiмiн молайту мақсатындағы ет және сүт өнімдерінің көлемін арттыру. Яғни, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне несие негізгі және айналым капиталын сатып алуға, жылыжайлар  салуға және мал ұстауға, аграрлық сектордағы тауарларды өндіруге және қайта өңдеуге, техникалық қызмет көрсету орнын ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жөндеуге арналған.

Дәріс барысында Ботагөз Сәрсенбайқызы гранттық қаржыландыру бағдарламалары туралы да тоқталып кетті. Спикердің айтуынша, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар белгіленген. Грант шеңберіндегі қаржы көлемі 5 миллион теңгеге дейін қарастырылады. Жобаны іске асыру мерзімі 18 айды құрайды. «Грант қандай мақсатта беріледі?» – деген сұраққа жауап берсек, кәсіпке керекті  негізгі құралдарды сатып алу. Оған негізгі қорларды салу, жаңғырту, қайта құру, күрделі жөндеу қосылады. Және тауарларды өндіруге немесе қызметтерді көрсетуге қажетті шикізаттар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды сатып алу, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды алу (франчайзинг), ғылыми-зерттеу жұмыстарына немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарды өтеу үшін алынады.

Аталмыш дәрістің модераторы облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков болды. «Жастарға арналған бұл дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді құрал. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдау өте-мөте маңызды, себебі, жастар – елдің болашағы. Біздің елімізде «Damu» қоры әзірлеген жастар кәсіпкерлігін қолдау, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бағдарламалары кең ауқымда жұмыс істейді» – депатап өтті ол. Сонымен бірге, қосымша спикерлер ретінде келген «Асыл Ән» ұлттық музыка мектебінің жетекшісі Аслан Мұхамедияров, «SAHAR» колористика және шаштараз салонының жетекшісі Ксения Чепрасова, «Новопэк», «Гормолзавод», «Мобиопт» компаниялары, «Yasons» компаниялар тобы, «Комфорт Строй 2020» өкілдері, «Индиго» дүкенінің маркетологы, А-Медиа агенттігінің digital негізін қалаушысы Мадина Аздарова және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жобаларды сүйемелдеу консультанты Бақытжан Мұқанов қатарлы кәсіпкерлер өздерінің бизнес жолындағы қадамдарын баяндап, жастармен тәжірибе бөлісті. Шара соңында жастар спикерлерге өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып,  толықтай жауап алды. Әр спикерге ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар, ал, студенттерге сертификаттар табыс етілді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар