Кітап – білім шырағы

Ауданда «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент» жобасы іске асырылуда.  

Оның мақсаты  ауданның білім ошақтарымен ынтымақтастық орнату және кітапханалар арасында өзара  кітап алмасу, оқырмандар үшін кітаптардың қолжетімділігін арттыру, кітап қорын насихаттау, оқырмандар сұранысын арттыру болып табылады.         Жоба  жұмысы Қатаркөл ауылының  кітапханасы мен ауыл шаруашылығы колледжінің арасында кітап алмасуымен  және  ынтымақтастық меморандумға қол қоюмен бастау алды.  Оның ерекшелігі  − басқа кітапханалардың кітап қорларын пайдалануға мүмкіндік беріледі және оқырмандардың  кітап оқу сапасын арттырады. Алдағы уақытта жоба жұмысы  Щучинск қаласының білім ордаларында  және ауданның ауыл мектептерінде жалғасын табады.

Аудан басшысы Арай Садықов орталық аудандық кітапханаға барып, оқырмандармен кездесті. Кездесуде «Айтарым бар» кітапхана клубының қатысушылары кітапханаға қатысты әңгімелерімен, алғашқы кітабымен бөлісіп, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Жоғары педагогикалық колледж, жоғары техникалық колледж және аудандық кітапхана өзара 30-дан астам кітап алмасты.

−Кітап – білім қоры, білім және өзін-өзі дамытудың қайнар көзі. Жастардың кітапхана бастамаларына қызығушылық танытып, қолдау көрсетіп жатқаны  қуантады. Кітапты көп оқыса, білімдері нығая түседі. Сондай-ақ, жастар арасында сауатты адамдар да көбейеді. «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деп бекер айтылмаған,−деді аудан әкімі Арай Садықов.

Жалпы, бұл бастама  аудан тұрғындары арасында оқырмандар санының ұлғаюына, сондай-ақ, кітапханаларға келушілер санының көбеюі мен қорды  тиімді жарнамалауға  септігін тигізеді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар