Вандализм – қоғамның дағдарысқа ұшырағанының көрінісі. Табиғи бұзақылықтың мысалы ретінде Бурабай курорттық аймағындағы Жұмбақтас жартасындағы, Кенесары үңгіріндегі жазуларды келтіруге болады. Бұл әлеуметтік нормалардың, ережелердің бұзушылығы болып табылады. Вандализм – қоғам өміріне зиян келтіретін және сол сияқты қауіп төндіретін қасақана, деструктивті мінез-құлықты қамтитын агрессивті
әрекет.
2023 жылдың 3 қаңтарында ел Президенті экологиялық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейту туралы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге қол қойды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 294-бабының диспозициясы нақтыланды, оның нормалары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендірілді. Осы құқық бұзушылықтар үшін ықпал ету шараларының төменгі шегі белгіленді және елуден бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы белгіленді.
Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодесінің 448-бабында он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни, мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе өзге де әрекеттермен қорлауы – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Құқық қорғау органдары еліміздегі әрбір екінші қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашуға қол жеткізеді. Бірақ, табиғи вандализммен құқық бұзушыны ұстау әрдайым мүмкін емес, олар көбінесе жауапкершіліктен жалтарады, соның салдарынан жазасыз қалуларына жол беріледі. Жыл сайын қорғалатын тарихи-мәдени объектілердің саны артып
келеді, бұл тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау мәселесінің өзектілігін көрсетеді.
Тиісінше тарихи-мәдени мұра объектілері ерекше назар аударуды қажет етеді. «Қажылық, зиярат жасайтын» ғұрыптар топ үшін өткеннің киелі жерлерімен – батырдың ерлігі және тағы басқа жағдаймен байланысты болып келеді. Осылайша, өткенмен араласу арқылы
онымен рухани және эмоционалдық өзара әрекеттесу пайда болады. Ескерткіштер тарих барысындағы, технологиядағы, ұрпақтар көзқарасындағы өзгерістерді сөзбе-сөз қадағалап отыруға мүмкіндік береді, бұл оларға мәдени-ағартушылық қызмет атқаруға және өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Адамның жасына қарамастан, тарихи, мәдени және табиғи объектіде ең болмағанда «жад немесе естелік ретінде жазу» жазуы болмайтын мінез-құлық мәдениеті мен нысанының барлық деңгейінде бұзылудың алдын алу, вандализммен күресу біздің қолымызда және қазақ тұрмысының нормасы ретінде қабылданады. Жаңа мінез-құлық мәдениеті қалыптасатын, тарихқа қатысты сезім, мәдени объектілер мен табиғатқа деген құрмет арта түсетін әлеуметтік нормаларды дамыту болып саналады.
Г. ЖАМАНОВА,
С.ИМАНҒАЛИЕВА,
Ақмола облыстық мәдениет басқармасының
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері.