Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Фронт-офис базасында прокурорлар инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер ұйымдастырады.

Осы жұмыс аясында прокурорларға «Rubber Technical Items» неміс инвесторы жүгінді, ол автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығару жобасын жүзеге асыруда.

Оны іске асыру кезінде инвестор фискалдық орган тарапынан проблемаға тап болған. Салық органы кедендік тексеру нәтижелері бойынша 25 миллион теңге кедендік баж, ҚҚС және өсімпұл есептегені анықталды. Қосымша есептеу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарда кейбір деректердің болмауы негіз болған.

Өз кезегінде инвестор қажетті деректер жетіспейтін тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың нұсқаларын ұсынған. Осыған қарамастан, салық органы оларды ескермеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кедендік тексеру қорытындылары бойынша негізсіз қосымша есептелген сома жойылды. Инвестициялық жобаны сүйемелдеу жалғасуда және облыс прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.

Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) проблемалар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі +77051291140).

 Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар