2 саусағынан айырылған ақмолалық жұмыс берушіден өтемақы өндіріп алды

– Ақмола облысында өндіріс орнында саусақтарынан айырылған ер адам сот арқылы жұмыс берушіден моральдық өтемақы өндіріп алды.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС-де құрастырушы болып істеген ер адамның жұмыс үстінде оң қолының 2 саусағы жұлынып кеткен (ампутация).

Зардап шегуші өндірістік жарақаттан келтірілген моральдық өтемақы өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Жұмыс беруші жазатайым оқиға жұмыскердің абайсыздығынан болғанын сылтау етіп, өтемақы төлеуден бас тартқан. Алайда, сотта жазатайым оқиға өндірісте болғаны, қол қойылған актінің бары, жұмыс берушінің 100% кінәсі, жазатайым оқиғаның салдарынан ер адамның денсаулығына орташа зиян келтірілгені дәлелденді.

«Атбасар аудандық сотының шешімімен ЖШС-нен зардап шеккен ер адамның пайдасына моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ЖШС-і сотпен салынған моральдық зиян сомасын ер адамға толық көлемде аударып, ерікті түрде сот шешімін орындады», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында тракторшының өліміне байланысты іс қозғалған болатын.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар