Дәстүрлі турнир мәресіне жетті

Краснояр ауылының «Көкше» мәдениет үйінде босктанХалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мереке Жүсіповтың жүлдесіне арналғантурнир өтті.  Жарысқа 2010-2011 жылы туған жас спортшылар қатысты.

Мереке Жүсіпов өзінің бокс мансабында 1987 жылғы КСРО кубогының, 1991 жылғы КСРО чемпионатының, 1991 жылғы КСРО кубогының, 1991 жылғы КСРО халықтары спартакиадасының, 1992 жылғы ТМД чемпионатының, 1992 жылғы ТМД Кубогының күміс жүлдегері, 1990 жылғы КСРО чемпионатының, 1990 жылғы КСРО кубогының қола жүлдегері, Қырғызстан, Ресей, Тунис, Финляндиядағы халықаралық турнирлердің, Болгариядағы Достық армиясы спартакиадасының қола жүлдегері және кикбоксингтен ТМД чемпионы  болды.  Көптеген спорттық жетістіктерге ие болған боксшы облыстық спорттың дамуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, жас спортшылар үшін үлгі атанды.

Жерлесіміздің кіші Отанында өткен ақмолалықтар үшін айтулы оқиғаның негізгі мақсаттары салауатты өмір салтын, боксты насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың спорттық шеберлігін арттыру болып табылады. Төрешілер төрт күн бойыАстана, Көкшетау, Павлодар, Қостанай, Петропавл және Ресейдің Омбы қалаларынан келген 148 жас спортшының деңгейін бағалап, жастардан сауатты жекпе-жек күтті. Олар 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Қарауыловтың айтуынша, аталмыш турнир жиырмасыншы рет өткізілді.

−Бұл турнирдің ерекшелігі−дәл осы жерде кезінде  атақты боксшылар, қазіргі әлем және Азия чемпиондары өнер көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысы үлкен спорт мектебінен өтіп төзімділік, тәртіп, адалдық сияқты қасиеттерге ие болады.  Ал, бұл болашақта олар үшін ересек өмірде жақсы бағдар болады, −деді Қуаныш Қарауылов.

Рингтегі жас боксшылар жарқын және техникалық жекпе-жектер көрсетті, тез әрекет етті, бір соққылар мен қамшы комбинацияларын жасады. Әр финалдық жекпе-жек керемет өтті. Қажымұқан атындағы №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Қуат Бейсенбаев атап өткеніндей, бокс ауыр және қажырлы еңбекті талап ететін спорт түрі.

Рингте өзін қалай ұстау, жекпе-жекке қалай бейімделу керектігін және оның барысын өзгерту үшін не істеу қажеттілігін ұзақ уақыт үйрену керек.

−Мен әрқашан шәкірттеріме демеу сөздерін айтамын, өйткені, әркім өз қорқынышын жеңіп, осындай маңызды және күрделі сызықтан өтуі тиіс. Өйткені, ринг арқандарынан өтіп, бала ер адамға айналады. Біздің басты міндетіміз − балалардан еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Жас боксшылардың көңіл-күйін және олардың жекпе-жекке шығуға құмарлықтарын құрметтеуіміз керек. Тартысты жекпе-жекте балалар осылай қиындықтарды жеңудің қуанышты эмоцияларын және атқарған еңбектері үшін жеңістің дәмін сезінеді,− деп атап өтті Қуат Бейсенбаев.

Сондай-ақ, 49 келіге дейінгі салмақта бірінші орын алған елордалық  Ернұр Қасымов өз өнеріне қатысты пікірін  білдірді.

−Бүгінгі таңда, бапкерім мен туған туысқандарымның қолдауының  арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткіздім деп ойлаймын. Мен алдағы уақытта да, осы бағытта ілгерілей беремін. Жақын арада чемпион атанып, жанкүйерлерімді қуантатыныма сенемін,− деді өз сөзінде спортшы.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар