Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шортандылық оқушының құрастырған жылыжайы - АРҚА АЖАРЫ

Шортандылық оқушының құрастырған жылыжайы

Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Әйгерім Анесий шыны құтылардың қалдықтарынан жылыжай жасап, ғылыми жоба жазды.

–Жобаның  басты мақсаты – қалдық шыныларды пайдалана отырып, жылыжай жасап,  ешқандай шығынсыз өнім өсіру және оның халыққа пайдасын нақты көрсету, – дейді жас зерттеуші.

Әйгерім өзінің  жетекшісі математика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқынгүл Асауимен бірлесіп, өз алдына міндет қойып, жұмысқа кірісіп кеткен. Алдымен жылыжайды құрастыруға қажетті дәрілердің шыны құтыларын жинаған, кейін оларды бір-біріне жапсырған. Кейін суару құбыры мен су жинайтын бөшкелерді орналастырады. Сонымен қатар, шатырының ашылып-жабылуы ыңғайлы болуы үшін гидравликалық күшті тиімді қолдану жолдарын қарастырып, суару жүйелерін автоматты етіп жасаған.

–Бұл жылыжайда біз 2022-2023 оқу жылының қыркүйек — сәуір айлары аралығында өнім өсіріп, зерттеп көрдік. Әйгерім бұл жоба арқылы ешқандай шығынсыз,  қолжетімді  материалдарды қолдана отырып жасалған жылыжайда адамның денсаулығына зиян келтірмейтін кез келген өнімді өсіруге болатынын  дәлелдеді, – дейді жоба жетекшісі.

Нәтижесінде  Әйгерім Анесий осы зерттеу жұмысын «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауларына ұсынып, жүлделі орынға ие болыпты.

Айта кетейік, осы «Зерде» байқауының гуманитарлық легіне Ақмола облысынан 16 оқушы өздерінің 13 жобасын ұсынып, 11 оқушы жүлдегер атанды және 2 оқушы арнайы грамотамен марапатталды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар