«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деген көп айтылатын қанатты сөзді еске алсақ, мектептің қоғам өмірінде алатын орнының қаншалықты жоғары екенін бағамдаймыз. Адамның өміріндегі болашаққа бағыт сілтейтін сәттер, алар үлгі-өнеге, барлығы да балалық шақтан бастау алатыны жасырын емес. Бала шақты болашаққа жалғайтын, өміріңді бір арнаға түсіретін де дәл осы мектеп. Оқушының шырағын жағып, оны болашақ даңғыл жолға бастап, жол көрсететін де мектеп. Оқушы кезіңде жақсы ұстаз кездессе, маңдайыңа бұйырған бес елі бағың десек, артық айтқандық емес. Себебі жақсы ұстаз қорытылмаған болат сынды оқушыны дайындап, шынықтырып, нағыз саф алтынға айналдырады. Қазақтың «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақалы да осыған байланысты айтылса керек.
Бүгінде мектепке қойылатын талап өте жоғары. Қай заманда да қоғамның алдыңғы шебінде жүретін ұстаздар қауымы бүгін де замана көшінен кенже қалған жоқ. Керісінше, майдан алаңындағы шабуылшылардай, кез келген жаңалықты қабылдап алып, алдында отырған оқушыларға жеткізе білуде. Мұғалім мамандығының өмір бойы оқу-ізденіске толы екенін ескерсек, бүгінде жаңа технологияның да құлағында ойнап жатқан сол ұстаздар қауымы екеніне куә боламыз. Осындай жаңа заман көшінен қалмай келе жатқан мектептер бар екені бәрімізді қуантады. Себебі, олардан білім алған шәкірт ертеңгі жаңа Қазақстанды құрайтын жасампаз тұлғалар болары анық. Сондай жаңашыл мектептің бірі –Қоянды ауылындағы № 2 орта мектеп.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де бекер айтылмаса керек. Бұл мектепте білім беретін ұстаздар өзінің шығармашылығымен алдыңғы қатарлы байқауларда үнемі топ жарып келеді. Түрлі олимпиадаларда өздері де, оқушылар да бақтарын сынап, жүлделі орындарды жеңіп алса, облыстық, республикалық бәйгелерде де үнемі оза шауып жүр. Мұғалім жетістігі оқушы жетістігімен ғана өлшенбесе керек. Өз білімін көтеріп, үнемі өзін-өзі бәйгеге қосатын аттай бабында ұстайтын мұғалімдер де баршылық. Олар ізденуден жалыққан емес. Соның нәтижесінде үнемі мектеп атын шығарып, алға сүйреп келеді.
Басқасын айтпағанда, бір ғана 2022-2023оқу жылында мектеп мұғалімдері бірқатар байқауларда топ жарды. Атап айтсақ, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ даласының дара ұлы» атты өңірлік педагогикалық оқудың үздік жинағында Болат Пестифальдің мақаласы жарық көрсе, Айнара Жароева математика мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңінде үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, СалтанатКенжебек жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқауға қатысса, Ұлан Дауыл математика, физика, информатика мұғалімдерінің Х республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде 2 орынға ие болды. Осы конкурсқа АйнараЖароева мен НазымШакерханның да қатысқанын айта кеткен жөн.
Ұстаздардың жетістігі тек осылармен ғана бітпейді. Алға қойған мақсаты биік, арманы асқақ ұстаздар үнемі тың биіктерді бағындыруды мақсат тұтуда. Егер мектепті ұстаздар қабілетімен өлшесек, Қоянды ауылының № 2 мектебін үздіктер қатарында деп бағалауға әбден болады.ҰланДауыл «Аудандық үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанса, АмангүлУкай, БишаСерікбай, МадалханАдамбаева, Алмагүл Жұмағалиева қатысушы сертификатына ие болды. Ал «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сырттай байқауында ГауһарХизирбек аудандық кезеңнен 2-орынға ие болса, Медет Сқақ «Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардыңVI республикалық байқауының аудандық кезеңінде І орынға ие болды. Жанболат Қуаныш, РозаМарат, БишаСерікбай, АйнұрШекархан, ӘйгерімҚалықова «Бұл жер –сенікі және менікі» облыстық табиғат білгірлерітурнирінің облыстық кезеңіне қатысып, сертификатқа ие болды. «География пәнінен ең үздік бейнесабақ» байқауының аудандық кезеңінде РозаМарат2-орынға ие болса, КүмісжанБұйдахан мен ЖанеркеЗаманбек «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» атты Ақмола облысының жас мамандар форумына қатысып, сертификатқа ие болды. Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңінде ӘсемАлматова1орынды иеленді. Аудандық «Үздік педагог» байқауында Раушан Хожатова1-орынға ие болса, облыстық кезеңде 3-орынға лайық деп танылды. «Дарынды балаларға талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне Әсел Мадышева қатысып,1-орынға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» өңірлік математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Серікгүл Тилей қатысып, 3-орынға ие болды. Ал, Қалия Бәйтікбай ОПТ байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Міне, осылай мектеп мұғалімдері сан салада өз біліктілігін дәлелдеп келеді. Аудандық, облыстық және республикалық байқауларға барлығы 28 ұстаз қатысса, соның көбі дерлік байқаулардан жүлдегер, жеңімпаз атанды. Мектеп намысын қорғайтын әрі өз білімін көрсетіп, біліктілігін дәлелдей алатын осындай ұстаздардан тәлім алған оқушылар болашақта бұдан да зор биік шыңдарды бағындыратынына сенімім кәміл.
Тек ұстаздар ғана емес, мектеп шәкірттері де өз білімін түрлі байқауларда көрсетіп келеді. Мәселен, Нұрай Қуандыққызы ағылшын тілі пәнінен республикалық ғылыми жобаға қатысқаны үшін грамотамен марапатталды, әрі облыстық кезеңнен 1 орынға ие болды. 2022-2023 оқу жылында 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңінде ағылшын тілі секциясының жүлдегері атанды. Жетекшісі РизагүлДамысхан. Серік Ардагер облыстық кезеңде «Абайдыңқара сөздері» номинациясы бойынша1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі МахбалБекей.Республикалық балалар оқуы байқауында НұршырақЕркінқызы 1 орын алды, жетекшісі ГүлеркеМәдетхан. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада 7-8 сыныптар арасында НұрболРымғалиевфизика пәні бойынша 3-орын алса (жетекшісі НазымШәкерхан), 5-6 сыныптар арасындаҚазақстан тарихы пәні бойынша МирасАрдакелдімадақтамамен марапатталды. Жетекшісі АрмияТілеубай.
Сонымен қатар, оқушылар «Эко өмір»облыстық экологиялық байқауына, робототехника бойынша «Robotek Grand» байқауына,Көкшетау қаласында өткен «Мектеп және университет: ғылым мен ынтымақтастық қырлары» атты ғылыми конференциясына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Тұран» университеті, «Казтұнуодағы Қарағанды университеті» және М.С.Нарықбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ұйымдастыруымен өткізілген қаржы қауіпсіздігі бойынша республикалық олимпиадасына,Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің «Сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық мектеп оқушыларының ғылыми жоба сайысына, «Бұл жер – менікі және сенікі» атты табиғат білгірлері турниріне,«Ақберен» өнер байқауына шешендік, білгірлік номинациясы бойынша«Абайтану» олимпиадасына, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Бала ақын – жас дарын» атты облыстық жас ақындар айтысы байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Сөзімізді түйіндей келе, Қоянды ауылындағы № 2 мектепті мақтауға лайық мектеп десек, әбден болатынын айта кетпекпіз.
НазымШәкерхан,
Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі
директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
Болат Пестифаль,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Целиноград ауданы.