Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтардың құқы – басты мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтардың құқы – басты мәселе

Ақмола облыстық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін сақтау және қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңеске облыстың құқық қорғау органдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кеңесте сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі қағазбастылықтың жолын кесу бойынша және процестік әрекеттерді сапалы әрі уақытылы жүргізу жөнінде шаралар әзірленді, сондай-ақ, қылмыстық тергеуге тартылған адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жастардың маргиналдануы және олардың жасаған пайдакүнемдік және зорлық-зомбылық қылмыстары жеке бөлімде талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берілді.

 Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар