Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалардың өміріне қауіп төндіріп... - АРҚА АЖАРЫ

Балалардың өміріне қауіп төндіріп…

 Облыс орталығы Көкшетау қаласында тиісті санаты жоқ жүргізуші мектеп автобусын жүргізіп келген.

 Көкшетау қаласының прокуратурасы облыс орталығының оқу орындарында тексеру жүргізу кезінде тиісті санаты (D) жоқ адамның мектеп автобусын жүргізу фактісін анықтады.

Жол ережелерінің талаптарына сәйкес, күнделікті қажетті рұқсат құжаттары мен дағдылары жоқ адам балаларды тасымалдайтын мектеп автобусын басқара алмайды. Осыған қарамастан, мектеп директорының орынбасары мұндай көлікті тиісті санаты жоқ жанның басқаруына рұқсат берген. Бұл факт оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендігі анық.

Прокурорлық тексерулер барысында автомобиль көлігі және жол жүрісі туралы заңнамаға қатысты басқа да бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді.

Алдағы уақытта балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен бұл  жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар