Сарбаздар ой ұштап, сөз салмақтады

Қазақстан Республикасы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында «Ұландарды ұлықтаған Мәңгілік ел» атты ақындар айтысының бірінші кезеңі өтті.

Додалы жарысқа әр бөліністен 8 ақын қатысты. Айтысқа төрелік ету үшін  жергілікті айтыскер ақын, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері Берденбек Мырзат шақырылды. Қызықты да тартысты өткен доданы Ақан сері атындағы жоғары колледжінің студенттері ДидарҚабиденов, Райымбек Төлеубай қазақтың дәстүрлі әндерімен одан бетер қыздыра түсті.

Сөз сайысында суырып салмалық қабілеті бар екенін танытқан 1-інші атқыштар ротасының сарбазы, қатардағы жауынгер Нұрдәулет Назаров 3-орынға тұрақтаса, ақтық айналымда тамаша өнер көрсеткен 1-інші атқыштар ротасының сарбазы, қатардағы жауынгер Қуаныш Досымжанов 2-орынға ие болды. Қарсыластарынан салмақты ой, тапқыр ұйқасымен оқ бойы озық болған 2-інші жедел мақсаттағы батальонның сарбазы, қатардағы жауынгер Исатай Алпысбай бас жүлдені иеленіп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында өткізілетін ақындар айтысының екінші кезеңіне жолдама алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар