Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз келді жар салып, Қуанайық қарсы алып!.. - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз келді жар салып, Қуанайық қарсы алып!..

Наурыз мейрамы –  халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басына санаған жасампаз бірлік пен береке мерекесі. Халқымыз жыл басын табиғаттың оянуы, жаңаруы деп есептеп, береке мен молшылықтан үміт еткен. Наурыз мейрамының тарихы тереңде. Алайда, кей кездері осы ұлттық мереке өз деңгейінде аталып жүр ме деген сұрақ туындап қалатыны бар.  Жалпы қазақстандықтар үшін Наурыз мейрамының мән-маңызы қандай, алып-қосар ұсыныс-тілектері бар ма деген сұрақтарды алға тартып, ұлттық мереке қарсаңында  біз Көкшетау қаласының бірнеше тұрғындарымен сұхбаттасып, сауалнама жүргізген болатынбыз.   

Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы

 – Ұлтымыздың ұлылығы, ұлттық құндылығы, ұрпақ сабақтастығы, өнегесі мен өнері паш етілетін Әз-Наурыз мерекесінің мен үшін әрине, мағынасы зор. Халық даналығы, адамгершілік мұраттар, отбасылық құндылықтар дәріптелетін ұлттық мейрамның өскелең ұрпаққа берері мол.  Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.Күн мен түннің теңеліп, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Наурыз мерекесі жадыраған жазды қарсы алар көктемнің басы болғандықтан, оны қазақтар «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те атайды. Бұл бүкіл табиғат ананың тоңы жібіп, жаны кіретін тіршілік басы дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұл күні көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, бұлақ көзін ашады, алдын ала үйін, ауласын кір-қоқыстан тазартады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзін Көрісу күнімен құттықтаумен бастауының өзінде де көп мән жатыр. Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді. Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылды. Наурыз мейрамын 14-23 наурыз аралығында тойлап, бұл кезеңді «Наурызнама» деп атау ұсынылды.Жаңа өзгерістер аясында Наурыз мерекесінің логотипі де бекітілді.Жаңа формат аясында Көрісу күні, Қайырымдылық, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, Шаңырақ, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт түрлері, Ынтымақ, және Жыл басы күндері аталып өтіледі. 23 наурызда жалпыұлттық экологиялық науқан өткізіліп, мереке қорытындылады. «Наурызнама» онкүндігінде елдің барлық аймақтарында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Қазір кез келген іс-шараға барсаң көзің тояды.  Ұлттық киім киген ұл-қыздар, қыз-жігіттер, ата-әжелер алдыңнан шығып, өз өнегесімен тәнті етуде. Батыс өлкесінде кеңінен танымал Көрісу салты да бірнеше жылдан бері біздің өңірде де  аталып өтуде. Ал, енді, төл мерекеміз Жаңа жыл қарсаңында  өз жерлестеріме бар жақсылықты тілеймін. Әр шаңырақтың ырыс-ынтымағы, бақ-дәулеті ортаймасын! Мереке баршамызға құтты болсын!

Рауза БӘЙКЕНОВА, ел анасы

– Қызғалдақтар қырда көктеп, Жер-Ана ерекше түрге енетін, гүлденетін, күн мен түн теңелетін Наурыз мерекесін қазақ халқы ерекше ынтызарлықпен асыға күтіп, аса бір ыждаһаттылықпен қарсы алатыны белгілі. Себебі, Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың бастауы, қазақтың жыл басы. Біздің жаңа жылымыз! Қаһарлы қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, ұйқыдан оянып, жадырап, жайнап, жаңарып, күллі табиғат әлемі көгеріп, көктейтін шақ. Өткенге көз жүргіртсек, бұрнағы жылдары өкінішке орай, біздің өскелең ұрпақ арасында Наурыз қай ұлттың мерекесіекендігін, тіптіұлық мейрам не үшін тойланатындығын білмейтін, анық-қанығын ажырата алмайтын жандар да кездесетін. Әйтеуір, ырымы жасалып, бес-алты киіз үй тігіліп, қой сойылып, Наурыз тойы аталып жүрді. Егер мейрамның не үшін тойланатынын білмесе, оның ешқандай мәнісі болмайды ғой. Алаңдарда тігілген киіз үйлерге де құрметті қонақтар ғана кіруге рұқсат етіліп, қалың халық дәмнен ауыз тие алмай жүргені өтірік емес еді. Егер жұртшылықауыз тиіп, Наурыз-тілек айтылмаса, Ұлыс күні берекелі бола ма? Біздің бала кезімізде ақ қанаткиіз үйлер орнатылып, ақ дастархан жайылып, қонақтарды лек-легімен қарсы алып, Наурыз көжедендәм татқызып, сән-салтанаты жарасқан мәндімәдени іс-шаралар өткзілетін. Бірақ, соңғы жылдары бұл үрдіске селкеу түскені бар. Бірақ, естіп-біліп жатырмыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне ерекше ден қойып, мейрамды атап өтудің жаңа тұжырымдамасын бекітті. Қуанып отырмыз, бұл – атойлап шаттанатын жағдай. Ендігі орайда, ел халқы Наурыз мерекесін бір күн емес, он күн бойы тойлап, атап өтетін болады. Сараптап отырсам, осы он күндіктің ішінде қазаққа тән ұлттық құндылықтардың барлығы ұлықталады екен. Ендігі бір ұсынысым, қазақ халқы ежелден «Қуантсаң, баланы қуант демей ме»?! Мектепке дейінгі мекемелерде Наурыз қарсаңында арнайы қоржын дайындап, балаларға тәттілермен қатар, құрт, малта салып арнайы бір құттықтау қоржынын дайындау әдісін дәстүрге енгізсек. Қоржынды бала қызығарлықтай әдемі қылып әспеттеп, Қыдыр атаның, не болмаса көктемніңәуелгі жаршысы қызғалдақтардың суретін салып, тартымды етіп жасасақ. Сонда балалар жыл сайын Қыдыр атадан базарлық күтеді ғой. Ата-аналар да осы идеяны қолдап, Қыдыр ата беріп жіберді деп үйге базарлық ала барса, қандай ғанибет емес пе?. Ал, өз басым жыл сайын Наурыз мерекесін асыға күтемін, Биылғы жылы Әз Наурыз мерекесі айлардың сұлтаны Рамазан айында өтіп жатқандығын да жақсылыққа балап отырмын. Олай болса, биылғы Жаңа жыл, Әз-Наурыз еліме берекелі, мерекелі, шаттық пен қуанышқа толы жыл болсын! Әр қазақтың шаңырағында той көп болсыншы!

Асылбек ӘБЕНОВ, Ақмола облыстық халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы

– Ұлы дала төсінде ұлт болып қалыптасқалы, одан бергі егемендігімізді алып еңсемізді тіктегелі төл мейрамымыз Наурызды тойламаған кезіміз болған емес. Тарихтың тереңіне көз жүгіртсек, ықылымнан бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жалғасып келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы кеңес үкіметіорнаған соң,ұмытылып, сан ғасырғы дәстүрге селкеу түскен.  Дегенмен де, ұлттық құндылықты ұлықтайтын ұлық мейрамның мән мағынасы ешқашан жоғалған емес. Себебі, Наурыз – жалпыұлттық сипатқа ие ерекше мейрам. Әрине, мен де бұл күнді асыға күтемін. Себебі, біздер үшін Наурыз мерекесі Жыл басы саналады. Иә, биылдан бастап, ұлттық мереке жаңа форматта тойланып жатыр. Бірақ, жаттанды сценарийден ада болсақ екен.  Мерекені түрлендірудің жолдары көп қой. Соның бірі, өзім көптен бері айтып келе жатқан бір ұсынысымды тағы бір мәрте атап өтсем деймін. Менің ойымша, үлкентайқазанды орталық алаңға қойып, көжені баппен дайындай алатынсыйлы әжелерді таңдап алып,ұлттық тағамды бір жерде ғанапісірсе. Және сол жерден әркімөзіне қажетінше алып, оны қаланыңбарлық аудандарына таратып, дәм татқызса. Сонымен қатар орталық алаңда тігілетін ақшаңқанкиіз үйлердебірі құдалығын өткізсе, енді бірі келін түсірсе, енді бір әулет баланың тұсауын кесіп мәре-сәре болып қуанып жатады емес пе? Шынайылық бар жерде көңіл де асқақ. Қала көшелеріне жаршы жіберіп, алақайлатып Наурыз келгенін жар салып сүйіншілеп хабарлау керек. Бұл шынымен жар салатын, думандатып ән салатын, сайрандатып сауық құратын ұлық мейрам! Мереке баршамызға құтты болсын!

Сауалнаманы жүргізген Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар