Орман-тоғай бүр жарып, жапырақ жаяды

Осындайда орманды қауіп-қатерден сақтаудың маңызы зор. Көктемгі орманның жағдайы орман шаруашылықтары үшін маңызды кезең болып табылады, өйткені бұл уақытта қыстан кейін орман ресурстары белсенді түрде қалпына келеді.

Дегенмен, көктем мезгілі ормандардың жағдайына теріс әсер етуі мүмкін және белгілі бір қауіп-қатердің орын алу ықтималдылығы жоғары. Бұл мақалада  көктемгі орман шаруашылығындағы қауіптердің алдын алу жолдарын қарастырылады.

Көктемгі орман шаруашылығына төнетін негізгі қауіптердің бірі – өрт қаупі. Құрғақ жапырақтар, кептірілген шөптер мен бұтақтар күн сәулесінің немесе ұшқынның әсерінен оңай жанып кетуі мүмкін. Өрттің алдын алу үшін ормандарды үнемі тексеріп отыру, құрғақ өсімдіктер мен қоқыстарды тазарту қажет және орман жұмыстарын жүргізу кезінде абай болу керек.

Көктемде ормандарға тағы бір қауіп – браконьерлік және ағаштарды заңсыз кесу әрекеттері. Бұл көріністермен күресу үшін орман алқаптарын бақылауды күшейту, рейдтер жүргізу жұмыстары және орман күзетшілеріне заңсыз әрекеттерді анықтау әдістері күнделікті қаперге алынып жатыр.

Сондай-ақ, биылғы көктемгі кезеңде қатты су тасқыны мен жауын-шашынның да салдарынан орманға қауіп төніп отыр. Өйткені, бұл топырақтың эрозиясына және көшкінге әкелуі мүмкін. Бұл қауіптердің алдын алу үшін өзендер мен көлдердің жағалауларын нығайту, жолдар мен жол құрылыстарының жағдайын бақылау қажет.

Көктемгі орман шаруашылығындағы қауіптердің алдын алудың маңызды тұсы экологиялық білім беру және жергілікті халықтың сақтану шаралары мен орман ережелерін білуі болып табылады. Адамдар ормандарды сақтаудың маңыздылығын түсінуі, ормандағы ережелерді сақтауы және табиғи ресурстарды қорғауға көмектесуі керек.

Қорытындылай келе, көктемгі орман шаруашылығындағы қауіптердің алдын алу атқару және өкілетті органдар, орман шаруашылықтары, табиғатты қорғау мекемелері және жұртшылық тарапынан кешенді тәсіл мен бірлескен күш-жігерді талап етеді. Тек осылай ғана біз ормандардың сақталуын және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Серік ЕРДЕНОВ,
«Қыпшақ» орман шаруашылығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар