Ақмола облысында Жабай өзенінен төнген қауіп сейілді

– Ақмола облысының Атбасар ауданында Жабай өзенінен төнген қауіп сейілді. Өзендегі судың деңгейі 3,80 метрге дейін төмендеді.

Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың мәліметінше, Жабай өзеніндегі судың қауіпті деңгейі 4,40 метр болса, су тасқыны кезінде 6,20 метрге дейін көтерілген. Қазіргі кезде судың деңгейі біршама түсіп, жағдай тұрақталып келеді.

«Аудандағы әлеуметтік нысандардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су басқан №1 орта мектепті қалпына келтіру жұмыстарын қолға аламыз. Әзірге оқушылар Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінде екі ауысымда оқып жатыр», – деп түсіндірді аудан әкімі.

Айтуынша, судан жапа шеккен 130-дан астам атбасарлық 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек алған. Қазіргі кезде таңда арнайы құрылған комиссия тұрғын үйлер мен мүлікке келтірілген залалды есептеп жатыр.

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Атбасар ауданында болып, су тасқынынан жапа шеккен ғимараттар мен қала көшелерін қалпына келтіру жұмыстарын ширатуды тапсырды.

«Жергілікті атқарушы органдардың және тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен ғимараттарды қалпына келтіру және көшелерді тазарту жұмыстарын бастап, жалпықалалық сенбілік өткізу керек», – деді Марат Ахметжанов.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Жақсы ауданына паром өткелі жеткізілгенін жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар