11 адамға сот үкімі шығарылды

Жуырда Бурабай аудандық соты жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіру жағдайына жеткізгені жөніндегі қылмыстық істі қарай келіп, ауданның 11 тұрғынын кінәлі деп таныды.

Сотталушылар екі жыл бойы күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін жалпы сомасы 1140 000 теңге ақша бопсалаған. Сондай-ақ, екі сотталушы «Н.» және «А.» жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген. Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, қалған үшеуінің 4 пен 5 жыл аралығында бас бостандығын шектеді.

Және де кәмелетке толмаған «Ш.» жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Айта кетейік, жаза тағайындауда сот «Н.», «К.» және «Т.» қатарлы қылмыскерлердің жас болуын жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырып, «Р.»-ның кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінгенін, оған қоса, сотталушы «К», «С», «Т»-ларда да бұрын соттылығының болмағанын ескерді. Сотталушыларда жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сонымен бірге, сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 миллион теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1,1 миллион теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді. Аталған аудандық сот сот ісін талқылау барысында тәртіпті бұзғаны үшін полиция департаментінің атына және аудан әкімінің атына жастарды жұмыспен қамту тұрғысындағы жұмысты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулылар шығарды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар