Атқарылып жатқан істер көңілге қонады

Ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырыла бастады.

Жоба шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттері де шешілетін болады. Осы орайда, ауданда экономикалық өсу нүктелеріне кіретін ауылдық елді мекендер анықталды. Олар тірек ауылдарын қоса алғанда, Первомай, Старый Колутон және Жаңатұрмыс ауылдары.

Бұл ретте, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Новочеркасск ауылында спорттық ғимараты бар мәдениет үйі салынбақшы.Бұл жобаның жалпы құны 1,1 миллиард теңге, іске асыру мерзімі – 2025 жыл. Сонымен  қатар, аталмыш жоба шеңберінде Старый Колутон ауылының жалпы білім беретін мектебін күрделі жөндеуге 415 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстың өзін биыл аяқтау жоспарланған.

Осылайша, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру басталғалы, ауылдық жерлерде біраз кем-кетіктің бүтінделіп, жобаға келе түскені байқалады. Әрине, бұл ретте әлі де болса, назар аударатын тұстар көп. Бұған дейін де ауылға неше бағдарлама арналмады дейсіз. Дегенмен, қазіргі бет алысына қарағанда, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынып жатқан істер көңілге қонады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар