Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
19 жас маман жұмысқа жеңілдікпен қабылданды - АРҚА АЖАРЫ

19 жас маман жұмысқа жеңілдікпен қабылданды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетуге бағытталған заңнамалық нормаларға сәйкес бірқатар тағайындауларға келісім берді.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды жақсы нәтижемен бітірген тұлғалар диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурстан тыс тәртіпте«Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Бұл норма білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, аудандық және ауылдық деңгейдегі кадрлар тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Бүгінгі таңдадепартамент Қосшы қаласының, Шортанды, Бұланды, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Егіндікөл, Есіл, Целиноград, Зеренді және Ерейментау аудандарының мемлекеттік органдарында төмен тұрған лауазымдарға жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін 19 жас маманды конкурстан тыс тағайындауға келісім берді.

Олардың қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ш.Құдайбердиев атындағы Семей университетінің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері бар. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында департамент еліміздің жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл тетігін жолға қойып отыр.

Сонымен қатар, департамент Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерін Көкшетау қаласы мен Есіл ауданына жоғары лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау үшін келісімберілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округтердің әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша конкурс өткізбей,«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осылайша департамент үш әкімді Атбасар және Біржан сал аудандарының әртүрлі лауазымдарына тағайындауға келісім берді.

Жоғарыда аталған нормалар мемлекеттік қызметтегі жастар үлесінің артуына, мемлекеттік аппаратты аудандық, ауылдық деңгейлерде кәсіби кадрлармен уақытында толықтыруға оң әсер ететінін атап өткен жөн.

Жазира СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар