Жаңа құбырлар ауыз су сапасын жақсартады

Облысымызда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету тұрғысында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

–Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде аудан орталығы Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда қаланың 8 көшесіне ұзындығы  12 192 метрқұбыр тарту жұмыстары аяқталып, 169 құдық орнатылды, сөйтіп, тұрғындарға ауыз судың сапасын жақсартудың алғышарты жасалды,– дейді бұл орайда, Бұланды аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елка Жария.

Осы ретте, ауданның 7 елді мекенінде де су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Осылайша биыл төрт ауылда 2 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларыіске асырылды.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар