Мас күйінде анасына  қол көтерген

Жуырда Астрахан аудандық сотында 58 жастағы жұмыс істемейтін азаматқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта анықталғанындай, ер адам үйінде мас күйінде анасымен сөзге келіп, қолынан қысып, итеріп жіберген. Осыдан кейін  әйел ұлына шара қолдану туралы полицияға арыз жазған. Медициналық куәландыру П-да алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейін анықтады. Және де сот-медициналық сараптама әйелдің оң қолында көгерген таңба барын дәлелдеген.

Сондай-ақ, сот П.-ның жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде мас күйінде қылмыстық теріс қылық жасағанын және анасына қол көтергенін жазаны ауырлататын мән-жайлар деп таныды. Алайда, жаза тағайындауда сотталушының өз кінәсін мойындауы жәнетұрақты жұмысы мен табысының жоқтығы ескерілді. Сөйтіп, сот үкімімен П.-ға Қылмыстық кодексте көзделген ең жоғары жазаның түрі – 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Жұмыс беруші көнді, әділдік жеңді

Жуырда Қосшы қалалық сотыжергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы мен өсімпұл және моральдық зиянды өндіріп алу, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы 11 жұмысшының талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.  

Сотта анықталғанындай, талапкерлер 2022 жылдың тамыз айынан бастап серіктестікте техникалық персонал ретінде әртүрлі жұмыстарды атқарған. 2023 жылғы ақпанда жұмысшылармен мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шарты тоқтатылды. Алайда, шартты бұзғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерлердің ақылы демалысының пайдаланылмаған күндері үшін төленетін төлем мен зейнетақы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорларына 3 айдағы әлеуметтік аударымдарды аудармаған.

Сот отырысында жауапкер пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлемдерді және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті мойындады. Бұл ретте, төлемді кешіктіру мерзімі 518 күнді құраған. Жұмысшылардың конституциялық құқықтары бұзылғандықтан, сотта моральдық зиянды өндіріп алу туралы талаптар орынды деп танылды. Сот шешімімен бұл талап ішінара қанағаттандырылды. Сөйтіп, осы үкім нәтижесінде серіктестіктен жұмысшылардың пайдасына пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы мен өсімпұл және әрқайсысына 150 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян сомасы өндірілді. Оған қоса, сот аталған ЖШС-ны әрбір қызметкерге зейнетақы қорына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдар жасауға міндеттеді. Бүгінгі таңда сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Астрахан аудандық  және Қосшы қалалық соттарының материалдары бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар