Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
12 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді - АРҚА АЖАРЫ

12 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп, Көкшетау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бақылау іс-шарасын өткізді.

Тексеру барысында қызмет алушыларға сәулет-жоспарлау тапсырмаларының болмауына байланысты ғимаратты кеңейту және реконструкциялау үшін қосымша жер учаскесін ұсынудан негізсіз бас тарту фактілері анықталды.

Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын немесе жекелеген бөліктерін жаңарту, яғни, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау үшін бастапқы материалдар, егер қайта жаңарту қосымша жер учаскесін бөлуді талап етсе, ондай жерге құқық пайда болғаннан кейін ұсынылады.

Алайда азаматтар объектіні кеңейту үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын сұрағанда, оларда қосымша жердің болмауына, ал, қосымша жер учаскесін сұратқанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасының болмауына байланысты қызмет көрсетуден бас тартуларға душар болған.

Сондықтан, бөлімнің құқыққа сиымсыз алдын ала сәулет-жоспарлау тапсырмасын талап етуі қызмет алушылар үшін әкімшілік кедергі болған.

Бірлескен бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша бөлімге мұндай теріс тәжірибені тоқтату жөнінде нұсқау енгізілді.

Нәтижесінде 12 кәсіпкерге дүкен, сауда павильоны, сән салоны және тағы басқа да коммерциялық объектілерді кеңейту және реконструкциялау мақсатындағы жер учаскелері алдын ала сәулет-жоспарлау тапсырмасын сұратусыз ұсынылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар