Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұрт аяғы толастамады - АРҚА АЖАРЫ

Жұрт аяғы толастамады

Облыс орталығында орналасқан №44 референдум учаскесі де таңғы сағат жетіден жұмыс істей бастады. АЭС салу мәселесіне өз таңдауын жасағысы келіп, осы учаскеге де референдумға қатысушылардың алдыңғы легі ерте бой көрсетті.

Мұнда Центральный шағын ауданы мен Назарбаев даңғылындағы бірқатар көп қабатты үйлердің тұрғындары дауыс берді. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Әсел Манарбекқызы  Сәрсенбаеваның айтуынша, мұнда 2536 адам дауыс беруге тиіс болса, кешкі сағат 18.30-ға дейін 1655 референдумға қатысушы дауыс беріп шыққан. Олардың жас шамалары әртүрлі. Еңкейген кәріден жасқа дейін. Олар қалай дауыс беріп жатқандығы, АЭС құрылысын жақтай ма, жоқ па, бұл жағы жәшіктегі бюллетеньдерді толық санап шыққаннан кейін ғана белгілі болмақшы.

Бірақ, келушілердің көңіл-күйлеріне, өзара сөздеріне қарағанда, комиссия мүшелері дауыс беру АЭС жағына оң шешіледі деп топшылайды. Осы учаскедегі комиссия хатшысы Шынар Бекбергенованың да ойы сондай. Қараңғы түскенше сайлау учаскесіне біртіндеп болсын жұрттың келуі толастамауына қарағанда, жоғарыдағы дауыс берушілер саны өсе бермекші.

Жалпы, учаскенің референдумға тыңғылықты дайындығы көзге жақсы көрініп тұр. Дауыс беру ережелері келушілер еркін таныса алатындай қолжетім жерде. Кабиналардың орналасуы да ыңғайлы. Біз болған кезде дауыс берушілер өз конституциялық құқықтарын орындап, иықтан түскен бір міндет жүгімен үйлеріне тарап жатты. Ертең бұл дауыс берудің нәтижесі қалай боларына олар да мүдделі. Өйткені, АЭС тағдырын осы республикалық референдум шешпекші.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.        

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар