Теміртас пен Оразбек ерледі

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске түсіруге арналған бокстан халықаралық турнирдің ақтық жекпе-жектері Ақмола облысының спортшылары үшін табысты өтті.

Оның нәтижесінде екі бірдей боксшымыз, 48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов және 57 келі салмақ дәрежесінде Оразбек Асылқұлов турнир жеңімпаздары атанды. Оның үстіне осы дүбірлі додада әлем чемпионы Махмут Сабырханнан басым түсіп, басқа да былғары қолғап шеберлеріне дес бермеген жерлесіміз Оразбек Асылқұлов осы турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал, ақмолалық тағы бір боксшымыз Талғат Шәйкен 71 келі салмақ дәрежесінде турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Жалпы, құрамында Дамир Әбдіқадыр, Нұрсұлтан Алтынбек, Бейбарыс Жексен, Ертуған Зейнуллинов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Сабыржан Ақхалықов, Диас Молжігітов, Ерасыл Жақыпбеков, Бекзат Нұрдәулетов, Сағындық Тоғанбай және Айбек Оралбай жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде ұзын-ырғасы 45 медальға ие болды.

Сөйтіп, бірнеше мемлекеттен қатысқан құрамалар арасында жалпы командалық есепте үлкен ұпай айырмашылығымен бірінші орыннан көрінді. Бұл табысқа ақмолалық боксшылардың қосқан үлесінің де зор болғаны облыс боксының жақсы санатта екендігін көрсетсе керек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар