Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Андықожа батыр ауылында ФАП салынады - АРҚА АЖАРЫ

Андықожа батыр ауылында ФАП салынады

Ауданда ауыл медицинасын дамытуға, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Андықожа батыр ауылында аталмыш жоба аясында фельдшерлік-акушерлік пункт салу қолға алынып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

–Қазіргі таңда іргетасы құйылып, гидроизоляция жүргізіліп, кірпіш тасымалданды, жақын арада қабырғаларды көтеру жұмыстары басталмақшы. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нысан аумағында уақытша қоршау орнатылды. Желтоқсан айына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға беріледі, – дейді жауапты мердігер – «ЖВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік бөлім басшысы Ерсейіт Ибраев.

Бұл медициналық объектіні салудың негізгі мақсаты ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық тексерулердің, скринингтердің, ауруды ерте анықтаудың, уақытылы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Сонымен бірге, ауылдарда медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту маңызды. Бұл – ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қолайлы жоба. Жоба құны шамамен 200 миллионды құрайды. Тапсырыс беруші ретінде бұл қаражатты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлетін болады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар