Өңірдегі алғашқы халықаралық қонақ үй «Wyndham Residences Aqkol» Ақкөл агротехникалық колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар қол жеткізген уағдаластық шеңберінде «Тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» жəне «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыттары бойынша оқу орнының студенттері қазіргі заманғы қонақ үй инфрақұрылымы базасында кəсіптік тәжірибеден өту жəне нағыз сарапшылар ретінде практикалық дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ынтымақтастық студенттерге теориялық білімдерін тəжірибеде қолданып қана қоймай, халықаралық қонақ үй желісінде құнды жұмыс тəжірибесін алуға мүмкіндік береді. Тағылымдама аясында жастар қонақ үй бизнесінің түрлі аспектілерімен таныса алады, соның ішінде қызмет көрсетуді басқару, мейрамхана мен бардағы жұмыс, сондай-ақ, қонақтар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру ерекшеліктері де бар. Бұдан басқа, қонақ үй жас мамандарға қажетті дағдыларды дамытуға жəне қонақжайлылық индустриясындағы табысты мансапқа дайындалуға көмектесетін тəлімгерлерді ұсынады. Мұндай əріптестік білім сапасын арттыруға, өңірдің кадрлық əлеуетін дамытуға, жастардың кəсіби дағдылары базасын іске асыруда бизнестің əлеуметтік рөлін нығайтуға ғана ықпал етпей қоймайды, бұл өз кезегінде жергілікті экономикаға туристер мен инвестицияларды көбірек тартуы мүмкін. «TÖR’RE» бас компаниясының даму жөніндегі директоры Тимур Қожубеков атап өткеніндей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы сөзінен шабыт алған қонақ үй жергілікті қоғамдастықтарды қолдау жəне жұмыс орындарын ұсыну міндетін өзіне алды.
–Біздің мақсатымыз жастарды қолдау жəне бұл жоба студенттерге қонақ үй бизнесінің нақты жағдайында құнды жұмыс тəжірибесін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз өңірді дамытуға ұмтыламыз жəне жергілікті қоғамдастықпен ынтымақтастық аясын кеңейте отырып, «Wyndham Residences Aqkol»-дың халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жəне жаңа жұмыс орындарын құруға жəне инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндіктер жасауға ұмтылысын атап өтеміз. Бұл экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, жергілікті қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде біздің қонақ үйіміздің оң имиджін қалыптастыруға көмектеседі. Біз мұндай ынтымақтастық өзара пайда əкелетініне жəне біздің қонақ үйіміз бен жергілікті тұрғындаргүлденетін тұрақты экожүйе құруға көмектесетініне сенімдіміз, – деп атап өтті меморандумға қол қою рəсімі аясында қонақ үй өкілдері.
Бүгінде қонақ үй қызметкерлерінің 95 пайызы Ақкөл өңірінің тұрғындары. Айта кетейік, 5 жұлдызды «WYNDHAM Residences» халықаралық брендімен жұмыс істейтін Ақкөлдегі аталмыш инвестициялық қонақ үйі тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да алғашқы болып табылады. Ол жайлы 32 бөлмемен жабдықталған төрт қабатты ғимаратта тұруды қарастырады. Кешен аумағында қазіргі заманғы қала адамының толыққанды демалуына қажетті барлық жағдайлар қарастырылған, сауықтыру кешені, дұрыс тамақтану, монша кешені, дененің, ақыл-ойдың жəне ағзаның демалуына арналған терапевтік (классикалық, дəстүрлі, баламалы жəне тағы басқа) əдістердің толық циклін біріктіретін интегративтік медицина жəне сауықтыру институты бар. Бүгінгі күні «WYNDHAM» желісі əлемнің 95 елінде 8900-ден астам қонақ үйлерді қамтиды.
–Біз жобаны жүзеге асыру үшін Ақкөл ауданын таңдауды ұйғардық, өйткені, бұл тамаша табиғаты бар демалыс орны. Біздің қонақ үй таза орманның шетінде орналасқан, оның жанында 20 шақырымға жуық терренкурлар өтеді. Жобаны іске асыру барысында қоршаған жердің бастапқы сəулеті сақталғанын айта кету маңызды. Қонақтарға 120 гектар аумақта ұзақ серуендеуге мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, Астанаға дейін бар-жоғы 110 шақырым, бұл шамамен 80 минут жол алады. Меншікті басқарушы компания HoReCa саласындағы барлық əлемдік стандарттардың сақталуына кепілдік береді. Басты міндет – қонақтың жайлы демалуына қамқорлық жасау, оған демалуға жəне ешнəрсеге алаңдамауға мүмкіндік беру, – деп қосты Тимур Қожубеков.
«Wyndham Residences Aqkol» жобасы БҰҰ-ның климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі жаһандық бастамасына қосылғанын атап өту маңызды. Осылайша, ғимарат энергия үнемдеу жəне көміртегі іздерін төмендету қағидаттарына негізделген. Қабырғаларды жылытудың жоғары деңгейі, терезелер мен витраждардың оңтүстік жағына орналасуы, бөлмедегі температураны бақылау жүйесі электр энергиясын 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, ұңғымалардан алынған су биологиялық тазартудың көп сатылы жүйесінен өтеді жəне топыраққа 95 пайызға дейінгі тазалықпен қайтарылады, жергілікті өндірушілердің өнімдерін пайдалану қашықтықты жəне тиісінше атмосфераға шығарындыларды қысқартуға мүмкіндік береді.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының өз тілшісі».
Ақкөл ауданы.