Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедектік еңбекке шектеу емес - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедектік еңбекке шектеу емес

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жүйесінде мүгедектігі бар 65 адам жұмыс істейтіні анықталды. Оның ішінде 13 қызметшінің І және ІІ топтағы мүгедектігі бар. Жергілікті атқарушы органдарда осындай 6, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде 6 және өкілді органдарда 1 қызметші еңбек етеді. Үш адам басшылық лауазымдарды атқарады.

Деректерді зерделеу қорытындысы бойынша мүгедек адамдардың құқықтарын бұзудың 6 фактісі анықталды, атап айтқанда, жұмыс беруші мұндай қызметшілерге қатысты жұмыс уақытының қысқартылған режимін белгілемеген. Осыған байланысты департамент талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бұл заң бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат жолдады. Департаменттің осы хаты негізінде аталған адамдарға жұмыс уақытының қысқартылған кестесі белгіленді.

Әнуар ОМАРОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар