Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіркеу қызметі саласындағы өзгерістер - АРҚА АЖАРЫ

Тіркеу қызметі саласындағы өзгерістер

Тіркеу қызметі саласы – қолданыстағы және келесі жылы енгізілетін өзгерістермен толықтырылуда.

Әділет органдарының құзырында тіркеу қызметінің бағыттары – ол коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, коммерциялық заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлік және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы, сондай-ақ, ресми құжаттарға апостиль қою бағыттарын мемлекеттік және әдістемелік бақылау.

Мәселен, жақында Электрондық Үкімет Порталында (ЭҮП, egov.kz) коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылды. Бұл қызметті енгізудің артықшылығы коммерциялық емес ұйымдарды құру және тіркеу процесін жеңілдету болып табылады. Мысалы, пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының (КТЕҮЖ) иелері үшін УправДом мобильді қосымшасы (Coogle Play және Apple Store арқылы орнатуға болады) әзірленді. Осы қосымшаны пайдалана отырып, пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының (КТЕҮЖ) иелері мүлік меншік иелерінің бірлестігін «ММИБ) тіркеу және оның төрағасын өзгерту мәселелері бойынша дауыс бере алады.

УправДом мобильді қосымшасы арқылы пәтерлердің, көп пәтерлі үйдің тұрғын емес үй жайларының  иелерінің қағазға қол жинаудан босатады және осылайша процесті жеңілдетеді.

Келесі жылдың 7 қаңтарынан бастап ММИБ тіркеу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі өзгертіледі. Атап айтқанда, ММИБ-нің үлгілік жарғысын ұсынудың қажеттілігі жойылды, тұтыну кооперативі үшін құрылтай жиналысының шешімі, ал, тұрғын үй құрылысы кооперативі үшін – тұрғын үй құрылысы кооперативін құру туралы шешімі қажет. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеудегі хабарлау тәртібін жою бойынша түзетулер 2025 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сәйкестендіру нөмірлері жоқ адамдарды қоспағанда, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар төлқұжат немесе шетелдік құрылтайшыны анықтайтын басқа құжат, сондай-ақ, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымдарды тіркеу құқығын растайтын құжат қажет болады.

Акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын немесе өкілдіктерін есептік тіркеу электронды өтініш беру мерзімі бір сағаттан бір жұмыс күніне ауыстырылды. Сондай-ақ, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден бас тарту негіздері бойынша толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық), 249-бабымен (рейдерлік), 365-бабымен (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) көзделген қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса. Сонымен қатар, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын төлқұжаттың немесе басқа құжаттың қазақ және орыс тіліндегі нотариалды аудармасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымдарды тіркеу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мен сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің көшірмесі немесе шетелдік заңды тұлғаның құрылтайшысы шет мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын өзге де заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттардың көшірмелері ұсынылмаған жағдайдағы толықтырулар енгізілді.

2025 жылдың 7 қаңтарынан бастап тиісті Заңда көзделген заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері қазіргі уақытта ерекшелік болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылатынын атап өткен жөн.

Келесі жылдың 7 қаңтарынан бастап заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту және толықтыру туралы хабардар ету тәртібі заңды тұлғаның бенефициарлы меншік иесінің байланыс деректерін, яғни, телефоны, электрондық мекенжайын өзгерту негіздемесімен толықтырылады.

Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызмет алушының жеке басын биометриялық куәландыру жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен бірге, ЭҮП-да «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және басқа да мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, нотариустардан түсетін ресми құжаттарға апостиль қою» (Е-Апостиль) электронды мемлекеттік қызметі енгізілді.

Апостиль қою қажет құжаттардың көшірмелерін сканерлеу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат Порталда бұл қызметті пайдалана алады.

Қызметті жүзеге асырудың міндетті шарты электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы қызметтің қолжетімділігі мен төлемі болып табылады.

Азамат өтініш берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның құжаттарына апостиль коюға жататындығы немесе жатпайтындығы туралы, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері, берілген және қабылданған күні туралы хабарлама алады. Осыдан кейін апостиль қойылған құжатты әділет департаментінен 1-3 сағат ішінде ала алады.

ЭҮП арқылы қызмет алу өте ыңғайлы, бұл жеке уақытты үнемдеудің және қызметтің өнделуін күту уақытын азайтудың тиімді жолы.

Құжаттарға апостиль қоюдың электрондық өтініші, өтінішті қағаз жеткізгіште беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн.

Осы көрсетілген өзгерістер мен толықтырулардың барлығы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетуге, қажетті құжаттардың тізбесін барынша азайтуға және көрсету мерзімін қысқартуға бағытталған.

Гүлмира САҒАДИЕВА,
Ақмола облысы әділет Департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар