Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң жолымен бір ізге келтірмесе болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Заң жолымен бір ізге келтірмесе болмайды

Дінің – рухани тінің

Кейінгі жылдары елімізде ашықтан-ашық неше түрлі діни теріс ағымдар күш алды. Оларды тура сөзден тайсақтамай, дін бұзарлар деп атасақ та артық емес. Бүгінде өздері үлкен ықпалды әлеуметтік топ болып қалыптасты. Әлеуметтік желіні солардың уағыздары жайлап, қазақ қоғамы екіге жарылды.

Бұлар мешіттерде де уағыздарын ашық жүргізіп, көсемдері мен ұстаздары пайда болуда. Олардың алдында кейде имамдар да дәрменсіз  халде. Кезінде Мұхтар Мағауин мен ертедегі ғұлама Шоқан да мұсылман діні түбі біздің халықтың ішіне де осындай жік түсіріп, бірін-біріне қарсы қоя ма деп күдіктенген екен. Айтқандары айдай келіп жатыр.

Жақында ғаламтордан «Жүйе» бағдарламасының жүргізушісі, заңгер сарапшы Айгүл Орынбектің айтуынша, Айша деген қызды Жеңісбек деген салафит жігіт 13 жасынан бері үйінде ұстап, зәбірлеп келгендігі жайлы Сарыағаш аудандық полициясына арызданғанымен, ешқандай шара қолданбай, босатып жіберген екен. Қыздың айтуы бойынша салафиттерден полицейлер жасқанатын көрінеді. Өйткені, біздер көппіз деп мақтанады дейді. Қыздың басынан кешірген небір қорлық оқиғаларын тыңдап отырып, «біздер өзі қай заманда жүрміз?» деген ойға шомады екенсің.

Сұхбат соңында Түркістан облысы полицейлеріне осы уақытқа дейін неге қамамай отырғандарына таңданып, желі арқылы осы ойын жеткізбек болды. Сонда да байқауымызша, біздің тиісті орындар әлі де бейжай.

Алғаш 1990 жылдары ел басшылығы елімізде неше  түрлі діни ұйымдар өкілдеріне есікті айқара ашып, соның ащы жемісін енді тартып келеміз. Сол кездері біздің Қазақстанда «Хизбуд тахрир» деген жат діни ұйым пайда болып, парақшалары мен брошюра кітаптарын еркін түрде көшелер мен базарларда таратып жүрді. Өзбекстанда Ислам Каримовтың пәрменімен сол парақшаларды таратушыларды ұстап, түрмеге отырғызып жатты. Өзбек халқы бізден екі есе көп болғанымен, мешіттердің саны екі есе аз көрінеді. Ал, біздегі төрт мыңнан астам мешіттің саны мен көлемі жөнінен екі есе озып кетіппіз. Астанадағы мадақ үшін Н.Назарбаев ашқан Орта Азиядағы ең үлкен мешітке кемінде 20-дан аса жайлы мектеп салуға болатын еді. Өйткені, біз қазір қайсысына көбірек сусап отырмыз, мешітке ме, мектепке ме?! Меніңше, үш ауысымды білім ордаларының да барын ескерсек, мектепке!

Түркия Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік дін мәселесіне бейжай қарай алмаған. Дінді мемлекет меншігіне алып, осының негізінде Түркия діни істер басқармасын құрады да,оны министрліктердің біріне бекітеді. Осының арқасында мешіттер тазарады. Осындай реформаны іске асырудың арқасында басқа дін таратушылардың ісіне үзілді-кесілді тыйым  салады. Бұл Ататүріктің дінді мемлекеттен бөліп, өз еркіне жіберуге болмайтыны туралы ойының жемісі еді. Барлығын бір ізге келтіріп болған шақта баяғы медреселердің орнына өркениетті елдерге тән жаңа үлгідегі мектептер ашады. Арабша Құран кәрімді, хадистерді түрікшеге аудартып, хиджаб мәселесін де шешеді.

Әлем халқы Ататүрікті ұлы қолбасшы, батыл реформатор, ақылман мемлекет басшысы ретінде танитындығы ақиқат. Түркі елдерінің арасындағы бүгінгі бауырластыққа осы Ататүріктің игі ықпалы болғаны анық. Бұл бағытта Ататүріктің жасаған ісіндей мәдени  реформа керек. Осы күндері еліміздің кей мешіттерінде қысқа балақты сақалдылар үстемдік құрады деген де әңгімелер бар. Олардың не айтатындарын тек өздері ғана білетін шығар. Бұндай жағдайлармен ешқандай ымырашылдық болмауы керек. Олар қоғамды іштен ірітуші күшке айналмағаны абзал. Мұны заңмен реттеу керек. Кешегі Кеңес Одағының президенті М.Горбачев кезінде «қайта құру» деп ұрандатқаны бәрімізге мәлім болатын. Халық оны неше түрлі кері әзілге айналдырған-ды. Біздегі Жаңа Қазақстан да іс жүзіндегі Жаңа Қазақстан болуы керек. Бұл ретте, жат діни ағымдарға да заң жолымен қатаң қарамасақ болмайды.

Роман САХИҰЛЫ,
зейнеткер.     

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар