Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылады - АРҚА АЖАРЫ

Жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылады

Бүгінде еліміз бойынша үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4,8 миллионнан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды.

Халыққа ыңғайлы болуы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.

Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы одан әрі жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және тағы басқа  санаттағылар  қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 миллион адам.

Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.

Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ, цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.

Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ, банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр. Сондай-ақ, азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25 пайыздан астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.

Қосымша құны 20 000 АЕК-тен (74 млн теңге) асатын ірі сатылым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар