Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар орталықта ем алады - АРҚА АЖАРЫ

Балалар орталықта ем алады

Жуырда ауданда ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығында дамуы тежелген сәбилерге түрлі медициналық көмек көрсетіледі.

Емдеу мекемесі қазан айының соңында жұмысын бастаған еді. Осы уақыттың ішінде 20-ға жуық бала түрлі ем алып үлгерген. Заманауи үлгідегі технологиямен жабдықталған орталықта жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балалар үшін барлық жағдай жасалған. Яғни, тұз шахтасы, эрготерапия, сенсорлық және емдік дене шынықтыру сияқты арнайы бөлмелер ашылған.

Оңалту орталығы көршілес 7 аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Қазір мұнда 17 бала ем алуда.  Әр баламен логопед, дефектолог, психолог мамандар жеке жұмыс жасайды. Ал, көрші аудандардың науқас балалары осы оңалту орталығына портал арқылы кезекке тұрып, тегін ем қабылдай алады. Бұдан бөлек,  ауданда биыл үш ауылдың фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өткізілді. Оның бірі жеке инвестиция есебінен жүргізілсе, екеуі мемлекет қаржысы арқылы жаңаша қалыпқа енген. Мәселен, Новокиенка ауылындағы медициналық жаңарту жұмыстарына облыстық қазынадан 67 миллион теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда ауданда, әсіресе, халық көп шоғырланған шалғай елді мекендерге ерекше көңіл бөлінуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар