Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ризамыз саған, 2024 жыл! - АРҚА АЖАРЫ

Ризамыз саған, 2024 жыл!

Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2024 жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері астық жинауда бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 6,6 миллион тонна астық бастырды. Дәнді дақылдардың әр гектарының орташа шығымдылығы 14,1 центнерден айналды. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 1,5 есеге өсіп, 828 миллиард теңгені құрады.

Биыл облыста көктемгі су тасқынының салдарын жою бағытында қыруар жұмыс атқарылды. Тасқыннан зардап шеккен 330 отбасына жаңа үйлер салынып, 221 отбасына жаңа пәтерлер сатып алынды. Тасқын кезінде шығынға батқан 821 отбасының материалдық шығындары өтеліп, 715 отбасына тұрғын үйлерін жөндеуге көмек берілді. Облыста қазіргі уақытта  су тасқынының зардабын жою жұмыстары толық аяқталды.

Биылғы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 12200 оқушыға арналған 9 білім беру нысаны салынып, оның алтауы қазірдің өзінде іске қосылды. Оқушылар тығыз орналасып келген Целиноград ауданының Талапкер ауылында жаңа мектеп-гимназиясы мен ІТ лицейі Білім күні жеткіншектерге өз есігін айқара ашты. Жаңа қала ретінде жедел дамып келе жатқан Қосшы қаласында да 1200 орындық жайлы мектеп оқушылар игілігіне берілді.

Елді мекендерді абаттандыру, жол құрылысы салаларында да бір жылдың ішінде көп жұмыстар атқарылды. Облыс орталығы Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауындағы жаңа автокөлік жолы іске қосылып, қаладағы көлік қозғалысының қарбаластығы азая түсті. Тротуарлар төселіп, велосипед жолы салынған және жоғары деңгейде жарықтандырылған бұл көше облыс орталығының көркіне көрік қосып, Қопа көлінің тартымдылығын одан әрі жақсартты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар