🔷 2024 жыл Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі болды. Негізгі қадамдардың бірі базалық және ортақ зейнетақыларды, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды индекстеумен байланысты әлеуметтік төлемдерді арттыру болды. Инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, төлем мөлшері ұлғайтылды.
📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін өсті, бұл 28 215 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері – ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100%-дан 105%-ға дейін, бұл 45 578 теңгені құрайды.
✔️ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен іске асыру басталды, олар 4,3 млн-нан астам жұмыс істейтін азаматтардың шоттарына аударылды. Бұл шара жастардың болашақ зейнетақысының деңгейін арттыруға бағытталған.
✔️ 2024 жылы зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Жаңа арнайы әлеуметтік төлем енгізіліп, ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 13 мың адамға тағайындалды.
➡️ Жалпы, 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды, бұл еліміздің бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 22%-ын құрады. Аталған қаражат 4,5 млн азаматты қолдауға бағытталған.
📱 @KZgovernment