Көкшетау қаласында «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азаматқа қатысты үкім шығарылды.
Қала тұрғыны интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген. 2024 жылдың 17 желтоқсанында сот оны 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қалалық прокуратура Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.
Ақмола облыстық прокуратурасының материалдары бойынша.