Мемлекет кепілді заң көмегін береді

Маманның кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

Тегін заң көмегінің бір түрі – мемлекет кепілдік берген заң көмегі. Өз кезегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға құқықтық кеңес беру түрінде көрсетіледі.

Құқықтық кеңес түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі келесі санаттағы адамдарға – алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға беріледі. Сонымен қатар, мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға беріледі.

Оған қоса, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Бұдан басқа, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі жасалады.

Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылатын адамға, еліміздің азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Жоғарыда аталған адамдар тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.

Ақмола облысының әділет департаменті халыққа құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен кешенді әлеуметтік заң көмегіне қатысты түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасына 87021181172 телефон нөмірі бойынша, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына 87057450257, сондай-ақ, Ақмола облысының әділет департаментіне 8(7162) 40-15-08 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Дмитрий ГАВРИЛОВ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің бас маманы.

7 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар