Қаперіңізде болсын!
Салық берешегі қалыптасқан кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жолданады, оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн беріледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде берешек өтелмеген жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 3932 теңге) жоғары болса, борышкерге салық бұйрығы жолданады. Әрі қарай, егер хабарлама табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда мұндай салық бұйрығы сот орындаушыларына жіберіледі.
Осылайша Салық заңнамасына сәйкес салық бұйрығын сот орындаушыларына бергенге дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай, берешекті өз еркімен өтеуге мүмкіндік бар.
Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын болса, Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25 пайызына дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.
Қосымша шығындарды болдырмау үшін Комитет салықтарды уақытында төлеуге кеңес береді.
Салық бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады. E-Salyq Azamat мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы орнатуға болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android немесе https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-azamat/id1107556666.
Адыраспан опық жегізіп жүрмесін
Ресей Федерациясы аумағына «Гармала» («Адыраспан») өсімдігін алып кіруге тыйым салынды.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Гармала» («Адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілгенін хабарлайды.
Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеміз.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
7 Total Views , 2 Views Today