Тұрғындар денсаулығына — жайлы жағдай

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Новобратск ауылында 600-ге жуық адамға қызмет көрсететін осы заманғы фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Жаңа ғимараттың аумағы 282 шаршы метр. Негізгі медициналық қызметтерді көрсету үшін нысан барлық қажетті жабдықтармен, ыңғайлы жиһазбен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесімен жабдықталған.

– Мен зейнеткермін, туғаннан бері осында тұрамын. Менің ата-анам да осы жерде дүниеге келген. Бүгін біз осындай керемет фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылғанына куә болдық. Біз құрылысты көріп жүргенде, бәрі тап осынша жоғары деңгейде болады деп тіпті, күткен жоқпыз.

Мұнда жабдықтардың барлығы жаңа емдеу бөлмесі, ультрадыбыстық аппарат және тағы басқа да қызмет бөлмелері бар. Біз, тұрғындар құрылысты салуды ойлаған басшыларға дән ризамыз, – дейді округ тұрғыны Людмила Шалго.

Бүгінгі таңда ауданда 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 23 медициналық пункт бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Партизанка және Алтынды ауылдарында да фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар