Заң және тәртіп
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру болып табылады. Кездесуге адвокаттық қоғамдастық, заң консультанттары палаталары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жеке компаниялардың заң бөлімдерінің басшылары және тағы басқа да мүдделі тараптар Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бауыржан Әлжанов, МАӘС судьясы Гаухар Нұрманова қолданыстағы тәжірибе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қандай салаларды реттейтіні туралы хабардар етті. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемаларға, оларды шешу жолдарына тоқталды. МАӘС мәліметтері бойынша, былтыр кәсіпкерлік субъектілерінен 293 әкімшілік талап-арыздар түскен. Бұл барлық түскен арыздардың жалпы санының шамамен 30 пайызы. Соның ішінде (сот орындаушыларының әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты 94 (32%), салықтық дауларға қатысты – 66 (22,5%), жер мәселелері – 48 (16,3%), мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар тұрғысында 43 (14,6%) арыз-шағымы бар.
Өз кезегінде кеңес төрағасы Валентина Геращенко палатаға келіп түскен өтініштердің құрылымы туралы айтты. Бұрынғыдай жер қатынастары (33%), салық салу (19%), мемлекеттік сатып алу (11%), агроөнеркәсіп кешені, оның ішінде субсидиялау (17%), логистика, ТКШ (15%) көш бастап тұр. Жалпы, 2024 жылы өңірлік кәсіпкерлік палатасының атына 264 өтініш келіп түскен, оның 156-сы бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді. Бұл 59 пайызды құрайды. Қорғалған мүліктік құқық сомасы 246 миллион теңгеден асты.
–Кездесуіміздің мақсаты әкімшілік шағымдар бойынша түсініктеме алу, қателіктер бойынша жұмыс жүргізу болды. Сондай-ақ, МАӘС әкімшілік істері жөніндегі сот актілерін, әкімшілік соттардың шешімдерін орындау жөніндегі мәселелерді, Азаматтық-процестік кодекс пен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі өзгерістерді ескере отырып, шағымдану, апелляциялық, кассациялық тәртіп, әкімшілік заңнаманы қолданудың басқа да құқықтық тетіктерін барынша қамтуға тырыстық. Сонымен қатар, осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетін Әкімшілік істер бойынша экстерриториялық соттылық бойынша алдағы өзгерістерді де атап өтпеске болмайды. Талапкерлер сот ісін жүргізуде әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін аумақтан тыс соттылықты таңдай алады, – деп өз сөзінде атап өтті өңірлік кәсіпкерлік палатасының директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Расул Сыздықов.
Өңірлік кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.
7 Total Views , 1 Views Today