Притон ұйымдастырып, пара бергені үшін

Сот іс қарады

Көкшетау қалалық соты адамгершілікке жат қылмыс жасағаны, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекетке барғаны үшін С. және Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғанындай, С. мен оның азаматтық некедегі жұбайы Ш. жеңгетайлықпен айналысып, клиенттерге ақшалай сыйақы үшін сексуалдық қызмет көрсетуге өздерімен бірге тұратын азаматша А-ны ұсынып отырған. С. автокөлігімен А.-ны мекенжай бойынша тасымалдап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырса, Ш. телефон қоңырауларына жауап беріп, сайтта жарнамалар жариялаған.

Осылайша, С. мен Ш. сөз байласу арқылы адамдардың тобымен  жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притон ұйымдастырған. (ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы).

Бұдан басқа, С. ұсталған сәтте полиция басқармасының ғимаратында қылмыстық жауапкершіліктен қашу және притонға қамқоршылық жасау мақсатында полиция қызметкеріне 500 000 теңге пара ұсынған. Бұл фактіні қызметкер басшылыққа баяндап, кейіннен пара беру кезінде С. ұсталды (ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігі).

Жоғарыдағы және кейінгі бұл екі әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабының 2-бөлігі және 367-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық айыптауға жатады. С. және Ш.-нің кінәсі тергеу әрекеттерімен, сотталушылардың ұялы телефондарының мәліметтерімен, үйді тінту барысында алынған заттармен, банк шоттарының үзінді көшірмелерімен, сараптама қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен және сотталушылардың кінәні ішінара мойындауымен, беттестірумен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен С. пара сомасын мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 5 жыл 6 айға, Ш. 3 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.

5 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар