Салық жүйесіндегі жаңалықтар сараланды

Кәсіпкерлік

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету жөніндегі кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті.

Шараға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес отырысында темекі бұйымдары өнімін таңбалаудың ақпараттық жүйесіне енгізу және есептен шығару, бөлшек сауда бойынша салық режимі және салық заңнамасындағы басқа да жаңалықтар қаралды.

Іс-шараға бейнеконференц байланыс арқылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалдары қатысты. Шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қойылған сауалдардың барлығына сауатты жауаптар берілді.  Осылайша кеңес отырысы сындарлы да түсіністік жағдайда өтті.

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар