Сабақ болсын!
Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатумен айналысқан Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарылды.
Оның электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды облыс орталығының аумағында сатқаны анықталды. Сот үкімімен аталған азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді.
Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
Ақмола облысының прокуратурасы.