Талдау заңсыздықтарды көрсетті

Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің қызметіне талдау жүргізді.

2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атаулар мен өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткені анықталды.

Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ, құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды. Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтып, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді).

Ақмола облысының прокуратурасы.

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар