Мобильді қосымша арқылы бақыланады

Заң және тәртіп

Целиноград әкімдігі аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша «IT-control» мобильді қосымшасын құруға және енгізуге қаражат бөлді.

Бұл қосымша полицияның және пробацияның бақылауындағы адамдар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Осы қосымшаның көмегімен профилактикалық есепте тұрған барлық адамдарды онлайн режимінде қадағалауға және олардың ықтимал заң бұзушылықтарына жедел ден қоюға болады.

Мысалы, құқық қорғау органдарының талабы бойынша мұндай тұлғалар әр үш сағат сайын олардың орналасқан жерін анықтауға көмектесетін фотосуреттерді жүктеп салуға міндетті болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция мен пробация қызметі оларға жедел ден қойып, тәртіп бұзушыларды тіпті, жазаны ауыстыруға дейін баратын жауапкершілікке тарта алады,

Бұл қосымшаны енгізу қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар