Қаперіңізде болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, жаңа сервисті іске қосты.
Ол бірыңғай байланыс-орталығында салық берешегінің барын немесе жоқтығын автоматты тексерудің тез бейімделетін сервисі.
Ол үшін жеке тұлға 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық роботқа қарыз туралы сұрақ қойса жеткілікті. Абонентті сәйкестендіру телефон нөмірі және абоненттің ЖСН нөмірі арқылы автоматтандырылған тәртіппен азаматтардың базасында тіркелген нөміріне жіберілетін SMS -коды бойынша қамтамасыз етіледі.
Қарыз болған жағдайда дауыстық роботтың жауабымен қатар, салық төлеушіге қарыз сомасы көрсетіле отырып, смс жіберіледі.
Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.