Қопа көлінің жағалауындағы жұмыстар

Әкім –  іс үстінде

Облыс орталығы Көкшетау қаласында жиырмаға жуық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов осы құрылыстардың бірқатарында болып,  жұмыс барысымен танысты.

Сарыарқа шағын ауданында аймақ басшысы 588 орынға арналған мектеп-интернаттың құрылыс алаңын аралады. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу және шатырды жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Марат Ахметжанов құрылысты барынша қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы әкімдігіне кіреберіс жолдар салып, автотұрақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді.

Халықтың демалыс орнына айналған Қопа көлі жағалауын алып жатқан аумақта абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қазцинк» акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылуда, ал, құрылыс жұмыстарын «АБК Автодор НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.

Нысанды аралап, көру барысында облыс әкімі бедертас төсеу жұмыстарының сапасына назар аударып, мердігер ұйымға тиісті ескерту жасады. Учаске басшысы Николай Митрофанов анықталған кемшіліктердің барлығы қысқа мерзімде, техникалық талаптарға сай түзетілетінін жеткізді.

Аймақ басшысы сонымен бірге, облыстық құрылыс басқармасына құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар санын арттырып, жобалардың уақытында, сапалы іске асырылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар