Ұлттық құндылықтар – бала тәрбиесінің негізі

Зерде

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа сапалы білім  берумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру заман талабы болып табылады.

Балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбиеге баса назар аудару өте маңызды. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Біздіңше, ұлттық құндылықтар, бұл ұлттың тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, тілі мен  дінінен, рухани мұрасынан нәр алатын асыл қазыналар. Оларға ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, отансүйгіштік, мейірімділік, бауырмалдық, еңбекқорлық сияқты адами ізгі қасиеттер жатады.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің рөлі өте зор. Біз бөбекжайымыздағы бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы олардың бойына салт-дәстүрімізді құрметтеу дағдысын қалыптастыра бастаймыз. Тәрбиеленушілер осының арқасында адамгершілік қасиеттерге бейімделеді, ұлттық мәдениетке қызығушылықтары оянады.

Демек, ұлттық тәрбиеге жүйелі түрде көңіл  бөлу тәрбиешінің де, ата-ананың да басты міндеті. Қашанда осы ой біздің жүрегімізде жүріп, жас ұрпақты өз тілі мен діліне, салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеуді ұмытпағанымыз жөн.

                                                           Лаура АУҒАПАСОВА,
                                                          Зәмзәгүл ҚАНАПИНА,
«Арман»  бөбекжайының тәрбиешілері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар