Тоғыз мемлекеттік орган пилоттық жобаға кіреді

Мемлекеттік қызмет

Ақмола облысында 2023 жылғы 1 наурыздан бастап пилоттық режимде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі жұмыс істейді. Ол «Интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидалары» шеңберінде өткізіледі. Оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар кірді.

Содан кейін басқа да мемлекеттік органдар, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері кезең-кезеңімен өтті.

Ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап жаңа іріктеу жүйесімен республика бойынша тағы 26 ведомство, оның ішінде облыс бойынша 9 мемлекеттік орган қамтылатын болады. Олар Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті; Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті; Ақмола облысының прокуратурасы; Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті; Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті; Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті; Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті; Ақмола облысының полиция департаменті және Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.

–Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аталған мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетіп, сондай-ақ, ұжымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай іс-шаралар облыстық прокуратурада, қазынашылық, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, төтенше жағдайлар департаменттерінде өткізілді. Мемлекеттік органдардың «Е-қызмет» жүйесіндегі жұмысының сапалы жүргізілуі өте маңызды. Өйткені, бұл болашақта пилоттық жүйеде өткізілетін конкурстардың сапасына тікелей әсер ететін болады, – дейді департамент басшысы Думан Әбілев.

Бұл іріктеу жүйесі конкурстың барлық кезеңдерін eqyzmet.gov.kz порталында онлайн режимде өткізуге мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған жүйені білдіреді. Бұл жүйеде кандидаттар құжаттарды жинаудан босатылып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған кез-келген конкурстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Жазира СЕЙТМАҒАНБЕТОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар