Сенатор мектептердің тапшылығы мәселесін көтерді

Елдің сөзін ер айтар!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтің төрағалығымен өткен Палата отырысында сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысындағы мектептердің тапшылығы мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады

. Депутат өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтарының пайдалануға берілгенін, бұл мектеп орындарының жетіспеушілігін едәуір төмендеткенін атап өтті.

Алайда, урбанизация, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы және көші-қон үдерістерінің нәтижесінде өңірдің жеті елді мекенінде жаңа мектептер салу қажеттілігі туындап отыр. Жер учаскелері қарастырылғанымен, мектеп құрылысын қаржыландыру мәселесі шешілмеген күйде қалуда.

– Қосшы қаласында 1500 орындық жаңа мектеп салу қажет, себебі, мұндағы мектептерде оқушылар орнының тапшылығы байқалады. Сол сияқты, Көкшетау, Щучинск қалалары мен Аршалы, Шортанды және тағы басқа да аудандарда мектептерге деген сұраныс жоғары. Ауылдарда да жағдай күрделі, мысалы, Краснояр ауылында мектептердің жобалық қуаты 1010 орын болса, оқушылар саны 2290-ға жеткен, – деді бұл орайда,  сенатор.

Осыған байланысты Талғат Жүнісов Премьер-Министрден үш ауысымдық оқытуды жою және мектеп орындарының тапшылығын шешу мақсатында 2025 жылы аталған елді мекендерде мектеп салуға республикалық бюджеттен қаржы қарастыруды сұрады.

Бекбол Орынбасаров газ және лифт шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапкершілігін арттыру қажет екенін айтты.

Ғалиасқар Сарыбаев көміртегі қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін қажетті міндеттерді шешу мәселелеріне, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау үшін инвестициялардың тапшылығына назар аударды. Депутаттың айтуынша, күрделі көміртегі жобаларын іске асыру үшін кадрлар мен технологиялардың тапшылығы да өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты сенатор климаттық инвестицияларды қолдауды көздейтін нақты шаралар ұсынды.

Сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысындағы мектептерде оқушылар саны тиісті шамадан тым көп екенін айтып, мәселе көтерді. Сенатор аталған олқылықты тиімді шешу және инфрақұрылымды жақсарту үшін қосымша қаржы бөлу керек екенін айтты.

Сәкен Арубаев Үкіметті күрделі материалдық жағдайға тап болған ұлттық су ресурстары университетіне кешенді қолдау көрсетуге шақырды. Депутаттың сөзіне қарағанда, ескірген инфрақұрылым білім беру сапасына және ғылыми кадрлар даярлауға кері әсерін тигізеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар